ЕЭК Кеңесі Арменияға, Қазақстанға және Қырғызстанға 2026 жылы шикі құрақ қантын әкелуге тарифтік жеңілдік берді
27.02.2026

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі өнеркәсіптік өңдеуге арналған шикі құрақ қантын әкелуге кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік жеңілдік берді. Кедендік-тарифтік реттеу шарасы 2026 жыл ішінде қолданыста болады және Арменияға 20 мың тоннадан аспайтын, Қазақстанға 100 мың тоннадан және Қырғызстанға 20 мың тоннадан аспайтын көлемде тауар әкелуді бағамдайды.

"Шешім Арменияның, Қазақстанның және Қырғызстанның ішкі нарығын бәсекелік баға бойынша қантпен және құрамында қант бар өнімдермен тұрақты қамтамасыз ету, осы тауарлардың тапшылығын болдырмау, сондай-ақ қант өңдеу зауыттары персоналының санын сақтау мақсатында қабылданды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев. 

Бұл ретте ол тарифтік жеңілдікті қолдана отырып әкелінген шикі құрақ қантын өнеркәсіптік өңдеу нәтижесінде алынған ақ қанттың Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттеріне әкетілуге жатпайтынын атап көрсетті.