ЕЭК Кеңесі спортшыларға арналған тамақ өнімдерін таңбалау туралы шешім қабылдады
20.05.2026

20 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі спортшыларды тамақтандыруға арналған тамақ өнімдерін сәйкестендіру құралдарымен таңбалаудың біріздендірілген қағидаларын белгілейтін шешім қабылдады.


Құжатқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ елдері тиісті іс-шаралар басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей бұл туралы ЕЭК-ке хабарлай отырып, өз аумағында өнімді таңбалауды енгізу күні мен тәртібін дербес айқындайтын болады.

 

Таңбалау 2019 жылы ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекітілген ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелерін сақтай отырып, біріздендірілген қағидалар бойынша жүргізілетін болады. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.