Жаңалықтар

03.02.2023 (Обновлено: 10.02.2023 16:50)

ЕЭК Кеңесі ет өнімдері өндірісі үшін сиыр етіне тарифтік жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2023 жылы ет өнімдері өндірісі үшін әкелінетін сиыр етіне қатысты тарифтік жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдады. Жеңілдіктер көлемі 10 мың тоннаға дейін Армения Республикасына, 7,5 мың тоннаға дейін Беларусь Республикасына, 5 мың тоннаға дейін Қазақстан Республикасына, 2,5 мың тоннаға дейін Қырғыз Республикасына, сондай-ақ 100 мың тоннаға дейін Ресей Федерациясына әкелінетін жеткізілімдерге қатысты.
Үшінші елдерден ет импортының негізгі көлемі ет консервілері мен шұжық өнімдері өндірісіне арналған мұздатылған өнімнің үлесіне тиеді. ЕЭК сауда блогының атап өтуінше, қазір мақұлданған шешім бірінші кезекте ет өнімдерін өндірушілерді қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге және оның тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған. 
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.

 ЕЭК Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі