ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-дағы таңбаланатын тауарлар санын кеңейтті
27.04.2026

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұсыныстар кешенін қарастырып, шай, кофе, какао, лак-бояу өнімдері, балалар ойыншықтары мен құрылыс материалдарына қатысты біріздендірілген таңбалау ережелерін белгілейтін бірқатар шешім қабылдады.


Қол қойылған құжаттарға сәйкес мүше мемлекеттер тиісті іс-шаралар басталғанға дейін алты айдан кешіктірмей бұл туралы ЕЭК-ке хабарлай отырып, өнімді өз аумағында сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу күні мен тәртібін дербес айқындайтын болады. 

"Таңбаланатын тауар санатының санын кеңейту тұтынушыларға өнімнің түпнұсқалы екеніне көз жеткізуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ заңсыз айналымды азайту есебінен нарыққа адал қатысушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын Одақтың жалпы таңбалау жүйесінің дамуын айғақтайды", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Ол тауарлардың жаңа топтарын таңбалау 2019 жылы ЕЭК Кеңесінің шешімімен бекітілген ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жүйесінің базалық технологиялық ұйымдық моделінің ережелерін сақтай отырып, біріздендірілген ережелер бойынша жүргізілетінін атап көрсетті. Сөйтіп, таңбалау кодтарын өзара тану қамтамасыз етіледі, бұл тауарлардың Одақ аумағындағы айналысы кезінде оларды қайта таңбалау қажеттігін болдырмайды.


Скачать исходники фотографий