Жаңалықтар

25.11.2022

ЕЭК Кеңесі шоколадқа, шоколад өнімдеріне және какао өнімдеріне қойылатын бірыңғай талаптарды белгіледі

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеден одағының "Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне өзгерістерді бекітті. Өзгерістер ЕАЭО елдерінде шоколадқа, шоколад өнімдеріне және какао өнімдеріне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеу мәселелеріне қатысты.
Техникалық регламенттегі өзгерістерге сай шоколадқа ащы, қара, қарапайым, тәтті, сүтті, қосымша сүтті, ақ шоколад, салмасы бар шоколад және ұнтақталған шоколад жатады; шоколад өнімдеріне - шоколадтың жалпы массасынан 25% және одан да көп бөлінетін құрамдас бөлігі бар кондитерлік өнімдер жатады; какао өнімдеріне - үгітілген какао, какао майы, какао ұнтағы, какао әжігі және какао күнжарасы жатады.
 

Жаңа міндетті талаптар бойынша ЕАЭО-да айналысқа шығарылатын шоколад құрамында какаоның жалпы құрғақ қалдығы 35% және одан көп, соның ішінде какао майы 18% және одан көп болуға тиіс.

Шоколадты өндіру үшін сүт майын қоспағанда, жануарлар майларын пайдалануға жол берілмейді, бірақ шоколадтағы жиынтық массалық үлесі 5%-дан аспауға тиіс какао майының баламаларын және (немесе) SOS-типіндегі какао майын жақсартқыштарды пайдалануға жол беріледі.

Шоколад және какао өнімдерін өндіру үшін шоколадтың немесе какао өнімдерінің дәмін және (немесе) хош иісін тәріздейтін хош иістендіргіш пайдалануға жол берілмейді. Сүтті, қосымша сүтті, ақ шоколадты өндіру үшін сүттің немесе кілегейдің, сүт майының дәмін және (немесе) хош иісін тәріздейтін хош иістендіргіш пайдалануға жол берілмейді.

Салмасы бар шоколад салманы шоколадтың сыртқы бөлігінен бөлектейтін 25% және одан да көп құрамда болуға тиіс. Салмасы бар шоколадқа бұл ретте шоколадпен қапталған нан-тоқаш (соның ішінде майқоспалы) бұйымдар, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер мен балмұздақ жатпайды.

Техрегламентке өзгерістер тұтыну нарығын сапалы өніммен молықтыруға ықпал ететін болады.

Құжаттың әзірлеушісі - Белорус мемлекеттік тамақ өнеркәсібі концерні («Белгоспищепром»). Шоколадқа қойылатын талаптар Алиментариус кодексінің халықаралық стандарттарымен үндестірілген.

Құжат ресми жарияланған күнінен бастап 210 күн өткен соң күшіне енеді.