ЕЭК Кеңесі макроэкономикалық саясаттың негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі шараларды бекітті

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 18 қазандағы отырысында бұрын ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында бекіткен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің макроэкономикалық саясатының 2024 – 2025 жылдарға арналған негізгі бағдарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар тізбесін қабылдады.

Бекітілген негізгі бағдарлар ЕАЭО ЖІӨ-нің әлемдік экономиканың даму қарқынынан асып түсетін жыл сайынғы өсу траекториясына шығу міндетін қойды. Қойылған міндеттерді шешу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия төрт бағытқа топтастырылған іс-шаралар тізбесін әзірледі.

Бірінші бағыт-инвестициялар көлемін ұлғайту үшін қолайлы макроэкономикалық жағдайлар жасау. Екіншісі — ЕАЭО-ның ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту. Үшінші бағытқа мүше мемлекеттердің өндірістік базасын нығайту және нақты сектордағы кооперацияны дамыту жатады. Іс-шаралардың төртінші тобы Одақтың ішкі нарығын дамытуға және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге бағытталған.

Тізбеге мүше мемлекеттердің жүзеге асыруы үшін ұсынылған іс-шаралар, Комиссияның бекітілген құжаттың ережелерін орындау жөніндегі іс-әрекеттері, сондай-ақ оларды іске асырудан күтілетін экономикалық нәтиже кірістірілген.