Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО шеңберінде дәрілердің биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО шеңберінде дәрілердің биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді
03.11.2026
3 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік препараттардың биоэквиваленттілігіне зерттеулер жүргізу қағидаларына № 13 қосымшаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.
Өзгерістер донорлық терінің орнына жасанды мембрана – адам терісінің аналогын қолдана отырып, жақпамай мен гельдердің адам терісіне енуіне зерттеу жүргізу мүмкіндігін көздейді.
ЕЭК Кеңесінің шешімі өндірушілердің өндірілген дәрілік препараттарды әзірлеуге және нарыққа шығаруға жұмсаған шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.