Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 20 мамырдағы отырысында Пәкістан Ислам Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығы туралы мәселені зерделеу бойынша бірлескен зерттеу тобын қалыптастыру туралы өкім қабылдады.
Еуразиялық экономикалық одақ тарапынан топтың құрамы ЕАЭО елдері ұсынған кандидатуралардан, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерінен қалыптастырылатын болады.
"Алдын ала талдау көрсеткендей, преференциялық сауда режиміне әлеуетті көшу біз үшін Пәкістан нарығында бірқатар ауыл шаруашылығы тауарына, металлургия өнімдеріне, көмір, целлюлоза-қағаз және химия өнеркәсібіне қатысты орнықты бәсекелестік артықшылықтар туғызуы мүмкін. Осымен бір мезгілде ол әріптеске жаңа піскен жемістердің, көкөністердің, дайын азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген санаттарының экспортын ұлғайтуға мүмкіндік беру арқылы тауар ағынын әртараптандыруға көмектесе алады", — деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Еске сала өтсек, 2026 жылғы 6 сәуірде Андрей Слепневтің Пәкістанның Федералдық сауда министрі Джам Камал Ханмен кездесуі болып өтті, оның қорытындысы бойынша тараптар ЕАЭО мен Пәкістан арасында еркін сауда туралы келісім жасасудың орындылығын зерделеу үшін бірлескен зерттеу тобын құру процесіне бастамашылық жасауға уағдаласты.