Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз етудің бас сертификатын қолдану үшін жағдай жасалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 наурызда кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындауды қамтамасыз ету сертификатының жаңғыртылған құрылымын бекітті.

Жаңа құрылым сертификатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізу, сертификаттың қолданылуын тоқтату (өтеу) мақсатында біржолғы және бас сертификатты қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Шешім жобасы күшіне енгізудің кейінге қалдырылатын мерзімін (2025 жылғы 1 сәуір) көздейді, бұл кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пысықтау қажеттігіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тиісті жалпы процесті қолданысқа енгізуге байланысты.

Қабылданған акт Комиссияның кеден блогының кедендік операцияларды жасау кезінде ақпаратты цифрлық өңдеуді жетілдіру жөніндегі дәйекті жұмысының нәтижесі болып табылады.