Комиссияның осындай ұсынысы электрондық цифрлық қолтаңбаларды пайдалана отырып, электрондық құжат айналымын ұйымдастыруды талқылаудың негізіне алынды. 27 наурызда ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен өткен Электр энергетикасы жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында осы мәселе қаралды.
Тараптардың өкілдері Одаққа қатысушы барлық бес елге электр энергиясын сату кезінде тіркеушімен ("АТС" АҚ) өзара іс-қимыл жасау кезіндегі сәйкестендіру тәсілі үшін ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығына қатысушыларға таңдау ұсыну мүмкіндігін қарады.
Бұл тәсілдеме субъектіге электрондық қолтаңбаны ("АТС" АҚ куәландырушы орталығы береді) пайдалану немесе екі нұсқаның артықшылығы мен кемшілігіне сүйене отырып, ұлттық электрондық қолтаңбаны қолдану туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысушылар мәселеге қатысы бар басқа уәкілетті органдардың өкілдерін тарта отырып, жұмысты (ақпараттық қауіпсіздік және цифрландыру салаларында) жалғастыруға келісті.
"ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығында әртүрлі елдің қатысушыларын электрондық сәйкестендірудің маңызды да әлі зерделенбеген мәселесін шешу ақпарат алмасу қағидаларын қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығын реттейтін төрт құжаттың соңғысы", – деп атап өтті Арзыбек Кожошев. Бұдан басқа, атқарымды тәжірибе Еуразиялық интеграцияның басқа салаларында әртүрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.