Жаңалықтар

02.12.2022 (Обновлено: 13.12.2022 10:50)

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде орташа айлық жалақы артты

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекетінде орташа айлық атаулы жалақы артты. Орташа айлық (тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағалары индексіне түзету енгізілген) атаулы жалақының да, нақтылы жалақының да ең жоғары өсу қарқыны Қырғызстанда (тиісінше 127,9% және 112,7%) және Қазақстанда (124,1% және 109,4%) тіркелді.
Орташа айлық атаулы жалақы Қырғызстандағы 25 мың сомнан (297 АҚШ долларынан) Ресейдегі 61,8 мың рубльге (892 АҚШ долларына) дейінгі мөлшерді құрады.

Толығырақ статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі «Жалақы туралы» бөлімінде берілген.