Жаңалықтар

29.03.2023 (Обновлено: 30.03.2023 18:45)

«Жасыл Еуразия» бірінші халықаралық климаттық конкурсына өтінім беру мерзімі 10 сәуірге дейін ұзартылды

Бизнестің жоғары қызығушылық танытуына және құжаттарды дайындауға қосымша уақыт беруге арналған өтініштерге байланысты Еуразиялық экономикалық комиссия мен Стратегиялық бастамалар агенттігі «Жасыл Еуразия» бірінші халықаралық климаттық конкурсына өтінімдерді беру мерзімін 2023 жылғы 10 сәуірге дейін ұзарту туралы хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, конкурсқа қатысу тегін, өтінімдерді қабылдау 9 наурызда басталды. Әр ұйым әртүрлі номинациялар бойынша үштен көп емес жоба ұсына алады, олардың ішінде:

· таза энергия және энерготиімділік,

· таза өнеркәсіп,

· ауыл шаруашылығы,

· төмен көміртекті көлік,

· жасыл құрылыс,

· жасыл қаржыландыру,

· қалдықтарды тиімді қолдану,

·экологиялық мәдениет және халықты климаттық күн тәртібіне тарту,

· экологиялық және климаттық мониторинг,

· төмен көміртекті дамыту саласындағы мемлекеттік саясат.

Конкурсқа коммерциялық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер, билік органдары, коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер және жеке тұлғалар қатыса алады, олар келесі сайтта өтінімді толтыруы тиіс: https://greeneurasia.asi.ru/?utm_source=eaeunion&utm_medium=banner&utm_campaign=start.

Сараптамалық топ пен конкурс төралқасы жұмысының қорытындысы бойынша әр номинацияда жеңімпаз (1-орын) және финалистер (2 және 3-орын) айқындалады, олар осы жылдың 24-25 мамырында Мәскеуде өтетін Еуразиялық экономикалық форум алаңдарында марапаттау рәсіміне шақырылады.