ЕАЭО елдері асыл тұқымды ірі қара малды өзектіленген әдістеме бойынша бағалайтын болады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 28 сәуірде Сүт өнімділігі бағытындағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізді.


Шешіммен сүт өнімділігі бағытындағы ірі қара малдың міндетті селекцияланатын белгілерінің (сыртқы бітімінің 18 белгісі) тізбесі өзектіленді. Оған алты қосымша белгі кіреді. Оларды өлшеу тәртібі қабылданды. ЕАЭО елдерінде өзіндік селекциялық-асылдандыру жұмысын дамытуға баса назар аудара келіп, Халықаралық жануарларды есепке алу жөніндегі комитет пен Дүниежүзілік Голштино-Фриз Федерациясының ұсынымдарын ескере отырып, асыл тұқымдық құндылықты бағалау процесі ізеуірттелді.

"Өзгерістер асыл тұқымды жануарларды бағалаудың объективтілігін және олардың асыл тұқымдық құндылығын болжаудың дәлдігін арттырады. Толықтыру мүше мемлекеттерге ұлттық қажеттіліктер мен ерекшеліктерді негізге ала отырып, оларды ұлттық селекциялық бағдарламаларда есепке алудың басымдылығын айқындауға мүмкіндік береді. Өзгерістерді іске асыру генетикалық әлеуетті арттыруға, өзіндік бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнім өндіру көлемін өсіруге, Одақ елдерінде асылдандыру ісін ұйымдастыру және жүргізу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады", – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.


Ірі қара малдың, шошқалардың асыл тұқымдық құндылығын бағалау әдістемесі Комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы № 149 шешімімен бекітілген. Өзгерістер енгізуге Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрлігі бастамашы болды.