ЕАЭО елдері ішкі су көлігі саласындағы біліктілік талаптары бойынша келісімге келді

9 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында "Ішкі су көлігі саласындағы ең көп сұранысқа ие кәсіптер мен лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары туралы" ұсыным қабылданды.

Қабылданған ұсыныс ішкі су көлігі саласындағы қызметкерлердің кәсіби білімі мен дағдыларына қойылатын жалпы және арнайы талаптарға, олардың біліктілік деңгейлерінің әртүрлілігін және орындалатын жұмыстардың ерекшеліктерін ескере отырып, тәсілдерді айқындады.

"ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық саясатты қалыптастыру кезінде көрсетілген ұсынымдарды ескеру мүмкіндігі бар. Мұндай ұсынымдарды іске асыру мәселелері әр тараптың құзыретінде болады және ішкі заңнаманы, басымдықтар мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады", – деп атап өтті ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.

Ұсынымды іске асыру ЕАЭО кеңістігінде су көлігі қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға жәрдемдесуге бағытталған.