Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Темирбек Асанбековтің және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің бейінді ведомстволары министрлері орынбасарларының қатысуымен ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын құру үшін қабылдау қажет екі халықаралық шарт бойынша тұжырымдамалық мәселелерді талқылау болып өтті.
Бұдан бұрын Еуразиялық «бестік» елдерінің мемлекет басшылары деңгейінде ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру Тұжырымдамасы мен Бағдарламасы бекітілгенін еске сала өткен жөн. Ортақ газ нарығы бойынша да осындай құжаттар пакеті қабылданды. Келесі маңызды кезең - ЕАЭО-ның ортақ газ, сондай-ақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын құру жөнінде халықаралық шарттар қабылдау болады. Бұл ортақ нарықтарды іске қосу мақсатында ортақ құқықтық жүйе түзу үшін де қажет.
Ортақ нарықтарды қалыптастыру және ұлттық заңнаманы үндестіру ЕАЭО туралы шартта көзделген базалық қағидаттарды ескере отырып жүргізілуде. Оның негізгілерінің бірі - мұнай және мұнай өнімдеріне нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз ету, оның ашықтығын арттыру. Ортақ нарықтар 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істеуге тиіс. Кеңес 14 қыркүйекте өтетін ЕЭК Кеңесі отырысына дайындық шеңберінде өтті.