Жаңалықтар

01.03.2022 (Обновлено: 22.03.2022 09:28)

ЕАЭО елдері навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді ратификациялайды

Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін Одақта навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді тезірек ратификациялауға, сондай-ақ келісімді іске асыру жөнінде Одақ елдері мен ЕЭК-тің бұдан арғы жұмысын ұйымдастыруға ықпал ететін шаралар қабылданатын болады.

Бұл осы жылдың өзінде келісімді іске асыру үшін қажетті іс-шараларды орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тауарларды қадағалап отырудың Келісімде көзделген механизмін тезірек іске қосуға мүше мемлекеттердің мүдделілігін ескере отырып, Үкіметаралық кеңестің 24-25 ақпанда Нұр-Сұлтанда өткен отырысында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары осындай тапсырма берді.

Осы тапсырманың шеңберінде елдер тасымалдарды қадағалап отыратын ұлттық оператор ретіндегі ұйымды ұлттық заңнама деңгейінде айқындайды. Комиссия Одақ мемлекеттерімен бірлесіп, тасымалдарды қадағалап отыру механизмінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті 28 Комиссия актісін әзірлейтін болады.

Анықтама

Навигациялық пломбалар туралы келісім кедендік транзит шеңберінде өткізілетін тауарлардың, сол сияқты өзара саудадағы бірқатар тауардың (санкциялық тауарлардың, алкогольдің, темекінің) электрондық навигациялық пломбаларының күшімен қадағалап отыруды көздейді.

Навигациялық пломбалар туралы келісімді қолдану Одақтың ішкі шекараларында бақылау іс-шараларын барынша азайтуға және мүше мемлекеттердің транзиттік тартымдылығын арттыруға, Одақ аумағында тауарларды қадағалап отыру мен олардың заңды айналымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.