30 мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтың төрағалық етуімен Мүше мемлекеттердің энергетика саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің отырысы болып өтті.
Кездесу барысында Еуразиялық "бестік" елдерінің Энергетика министрліктерінің басшылары мұнай мен мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Арзыбек Қожошев тараптардың сындарлы диалогқа дайындығын: "Тараптар үшін сезілгіш мәселелер бойынша шешімдерді іздеу мұнай және мұнай өнімдері жөніндегі халықаралық шартқа тезірек қол қою мақсатында екіжақты негізде де, жоғары деңгейде де жалғастырылатын болады", — деп атап өтті.
ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының басшылары ортақ энергия нарықтарының жұмыс істеуінің жекелеген мәселелерін реттеу бойынша екіжақты консультациялар шеңберінде өзара іс-қимылды күшейтуді ұсынды.
Сондай-ақ отырыста Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа ЕАЭО-ның ортақ электр энергетикалық нарығы бөлігінде Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеу тәсілдемелеріне елеулі өзгерістер енгізуді бағамдайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысы талқыланды.
Отырысқа қатысушылар мәселені Қазақстан Республикасы бағамдаған тәуекелдерді міндетті қаржылық-экономикалық тұрғыда бағалай отырып мұқият пысықтау қажеттігін және ағымдағы жағдайларда ішкі энергетикалық нарықтарды қорғау құралдарының жеткілікті екендігін атап өтті.
Арзыбек Кожошев Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру бөлігіндегі айтарлықтай оң нәтижелерді: "Қазіргі уақытта нарықтың жұмыс істеуінің барлық дерлік нормативтік базасы бекітілді, регламенттермен бірге, айтарлықтай дәрежеде, Қосылу туралы шарт дайындалды. Нарықтың интеграциялық аспектілері үшін өте маңызды, соның ішінде электр энергетикасының экономиканың нақты секторына ауқымды ықпалын ескере отырып, оның жұмыс істеуін қалыптастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты күшейту қажет", — деп тиянақтады.
Қазақстан тарапы талдау үшін қажетті ақпаратты ұсынғаннан кейін сарапшылар ұсынысты қарауға қайта оралады.