ЕАЭО елдері ДСҰ ХІІ министрлік конференциясының қорытындылары бойынша алдағы жұмыстың позицияларын үйлестірді
10.11.2022

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және ЕЭК-тің Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері бойынша өзара іс-қимылы жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті. Тараптар а,ғымдағы жылғы маусымда Женевада өткен ДСҰ ХІІ министрлік конференциясының қорытындыларын талқылады және ЕАЭО-ның ұлтүсті құзыретін сөз ететін бағыттар бойынша жұмысты үйлестіру мәселелерін қарады.

   

"ДСҰ тап болып отырған көптеген сын-тегеуіріндер мен проблемаларға қарамастан, Министрлік конференциясы ұйымның реформалар процесіне кірісуге дайындығын көрсетті, бұл әлемдік экономиканың мүддесіне сай келетіні сөзсіз. ЕАЭО-ның барлық елінің өкілдері Қазақстанның ойдағыдай төрағалық еткенін, сондай-ақ оның конференцияның ортақ ұйымдастырушы ретінде бой көрсеткен оң рөлін атап өтті",- деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша электрондық сауда, ДСҰ-ны реформалау, сондай-ақ ЕАЭО елдерінің Сауда рәсімдерін оңайлату комитетінің транзит мәселелері бойынша мамандандырылған сессияларына қатысуы жөніндегі бірлескен бастамалар шеңберіндегі жұмысқа орайлас тәсілдемелер келісілді.