ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевич ашық және адал нарықты құрудың түйінді құралдары бизнестің мінез-құлқының ерікті стандарттарын ендіру, тұтынушылардың оқу-ағартуы және қоғамдық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасау болып табылатынын атап көрсетті. Владимир Синкевичтің сөзінше, дәл осындай қызмет сатып алушылардың сенімін қалыптастыруға көмектеседі және олардың мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Ол жалпы тәсілдемелерді әзірлеу және контрафактіге қарсы күрестің практикалық қадамдарын қабылдау, сондай-ақ жауапты тұтыну мәдениетін ілгерілету үшін әртүрлі саладағы пікір көшбасшылары мен кәсіби шеберлерді біріктіретін жыл сайынғы "Антиконтрафакт" форумының маңызды мән-мағынасын айрықша атап өтті.
Сессия спикерлері қазіргі заманғы нарықтық жағдаятқа, сауданың жаңа форматтарын дамытуға, заңнамалық бастамаларға және қолдан жасалған тауарларды бірдейлендіру үшін ең жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді пайдалану мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар мәселені қозғады.
Контрафактілік өнімді таратудың профилактикасы мен контрафактіні сатып алудың тәуекелі туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру ісіндегі кәсіпкерлердің жауапкершілігіне бөлекше назар аударылды.
Сарапшылар онлайн-сатуды бақылаудың практикалық құралдарын және тауарлардың сапасын бақылау жүйесін одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.
Талқылау нәтижелері Комиссияның тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға бағытталған ұсыныстарының негізіне алынатын болады.
Іс-шараға Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдарының, қоғамдық бірлестіктерінің, іскер топтарының өкілдері қатысты.