Одақ елдері Еуразиялық тауар жеткізу желісін құру мүмкіндігін қарайды
03.12.2021
Бұл тақырып Екінші Еуразиялық конгресс шеңберіндегі «ЕАЭО-ның Бірыңғай тауар жеткізу желісі (БТЖЖ)+: өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі және экспорттық белсенділіктің катализаторы» сессиясында айқындалып көрсетілді.
Пікірсайыс алаңы спикерінің бірі болып сөйлеген Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян:
ЕАЭО елдерінің, Өзбекстан мен Тәжікстанның бейінді министрліктерінің басшылары, жекеше сектордың, сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері де талқылаудың қатысушылары болды.
Тараптар бірлестіктің перспективалары және тауар жеткізу жүйесін дамыту бойынша пікір алмасты. Қазіргі заман шындығына орай логистикалық шешімдерді оңтайландырудың өте маңызды екені атап өтілді.
Сессияға қатысушылар БТЖЖ-ды іске асыруға ортақ мүдделілік білдірді. Мәселенің өңіраралық және салааралық сипатын ескере отырып, ЕЭК пен Еуразиялық даму банкі ЕАЭО елдері, Өзбекстан мен Тәжікстан үшін тауар жеткізу жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау мақсатында кешенді зерттеулерді іске асыру жөнінде бірлескен жұмыс жүргізеді.
Комиссия өкілдері Еуразия кеңістігінде тауар жеткізу желісін дамытуда мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап көрсетті.
Сессия модераторының бірі болған ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян:

«Транспарентті көлік-логистика тізбегін құру, қоймалық қуаттардың көлемін арттыру, сондай-ақ тауар-материал ағынын басқару жүйесін құру өзара сауда көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын ынталандыруға ықпал етеді», — деп мәлімдеді.
ЕАЭО елдерінің, Өзбекстан мен Тәжікстанның бейінді министрліктерінің басшылары, жекеше сектордың, сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері де талқылаудың қатысушылары болды.
Тараптар бірлестіктің перспективалары және тауар жеткізу жүйесін дамыту бойынша пікір алмасты. Қазіргі заман шындығына орай логистикалық шешімдерді оңтайландырудың өте маңызды екені атап өтілді.
Сессияға қатысушылар БТЖЖ-ды іске асыруға ортақ мүдделілік білдірді. Мәселенің өңіраралық және салааралық сипатын ескере отырып, ЕЭК пен Еуразиялық даму банкі ЕАЭО елдері, Өзбекстан мен Тәжікстан үшін тауар жеткізу жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау мақсатында кешенді зерттеулерді іске асыру жөнінде бірлескен жұмыс жүргізеді.
Комиссия өкілдері Еуразия кеңістігінде тауар жеткізу желісін дамытуда мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап көрсетті.
Сессия модераторының бірі болған ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян:
«Мейлінше жоғары тиімділікке нормативтік-құқықтық базаны құрып, мемлекеттер тарапынан нақты және цифрлық инфрақұрылымды қолдау мен инвестициялау болған кезде және бизнестің тауар жеткізу желісін пайдалану мен дамытуға мүдделілігі кезінде қол жеткізуге болады», — деп атап көрсетті.