15 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығы қызметтерінің, мүше мемлекеттер арасындағы сауданы ынталандыру және өңірлік экономикалық бірлестіктер аясында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту перспективалары мәселелерін Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян мен Орталық Африка мемлекеттерінің Экономикалық қоғамдастығының (ОАМЭҚ) ортақ нарық, экономикалық, валюталық және қаржылық қатынастар жөніндегі комиссары Франсуа Кинимба тараптар делегацияларының кездесуінде талқылады.
Гоар Барсегян мен Франсуа Кинимба бір-бірін интеграциялық күн тәртібінің өзекті жай-күйі туралы хабардар етіп, олардың ішкі нарықтарды реттеудің бірқатар аспектілері бойынша сәйкестігін атап өтті. Бұл тұрғыда тараптардың пікірінше, үздік интеграциялық тәжірибелермен алмасу ынтымақтастықтың перспективалы саласы болып табылады.
ОАМЭҚ өкілі ЕЭК-тің бизнеспен өзара қарым-қатынас механизмдеріне, Одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамыту мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Африка делегациясының тиісті өтінішіне жауап ретінде Гоар Барсегян неғұрлым нақты пікір алмасу үшін мамандандырылған семинар ұйымдастыруға дайын екенін растады. Оны ағымдағы жылы 26-29 шілде аралығында Санкт-Петербургте өтетін «Ресей-Африка» экономикалық және гуманитарлық форумының алаңында өткізу ұсынылды. Форум аясында тараптар ЕАЭО-ның Африканың субөңірлік интеграциялық бірлестіктерімен өзара қарым-қатынасына ерекше назар аудара алады.
Өз кезегінде Франсуа Кинимба ОАМЭҚ пен ЕЭК арасында тұрақты диалог орнатуға қызығушылық білдіріп, Комиссиямен ынтымақтастықты ресімдеу мүмкіндігі туралы айтты.
Кездесуге сондай-ақ Ресей СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, «Ресей-Африка» әріптестік форумы хатшылығының басшысы Олег Озеров қатысты.
Анықтама
ОАМЭҚ – 1983 жылы құрылған Орталық Африка елдерінің интеграциялық бірлестігі. Оған Ангола, Бурунди, Габон, Конго Демократиялық Республикасы, Камерун, Конго Республикасы, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваторлық Гвинея кіреді.
Ұйымның мәлімделген мақсаттары қатысушы елдер арасындағы интеграциялық процестерді дамыту, өздерінің экономикалық күштеріне сүйене отырып, оларды жан-жақты тереңдетуге жәрдемдесу, ортақ нарықты жасауға ілгерілету болып табылады.