Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Александр Субботин ЕЭК штаб-пәтерінде "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі цифрлық техникалық реттеу" жобасын үйлестіру жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.
ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері мен Комиссия қызметкерлері жобаны іске асыру барысын, соның ішінде оның жекелеген кезеңдерін орындау мерзімдерін қарады.
Жұмыс тобының мүшелері Астанадағы Еуразиялық экономикалық форум шеңберіндегі бейіндік сессияда осы тақырып бойынша болып өткен пікірсайысты жоғары бағалады. ЕЭФ-те қозғалған аталған саладағы басты мәселелер мен жұмыс бағыттары ЖТ отырысында да негізгі мәселе болды."Жобаға қатысқандардың барлығын ағымдағы жылы оның іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауға шақырамын", – деп қайырылды отырысқа қатысушыларға Александр Субботин.
Цифрлық техникалық реттеу жөніндегі жоба өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын әзірлеу процесін цифрлық ортаға ауыстыруға, сондай-ақ пайдаланушылардың кең тобына осындай талаптарға және олардың орындалуын бағалау рәсімдеріне толық және ыңғайлы қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Үйлестіру тобы жобаны әзірлеуге жалпы басшылықты, оның іске асырылу мониториңін жүзеге асырады, проблемалық мәселелер мен келіспеушіліктерді қарайды, жобаның қабылдау-тапсыру сынақтарын ұйымдастырады, Комиссия Алқасының 2021 жылғы 23 қарашадағы № 196 өкіміне сәйкес жобалау қызметін үйлестіруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.