Басты бет
/
Жаңалықтар
/
2024 жылғы қаңтарда ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы жылға шаққанда 6,9% өсті
2024 жылғы қаңтарда ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы жылға шаққанда 6,9% өсті
01.03.2024
Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының индексі 2024 жылғы қаңтарда 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 106,9% құрады.
2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда баға 0,3% төмендеді, бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасы 1,7% өсті, мал шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасы 1,3% төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының төмендеуі Арменияда (0,7%) және Ресейде (0,6%) байқалды. Бұл ретте бағаның өсуі Қырғызстанда (1,6%) және Беларусьта (1,4%) тіркелді, Қазақстанда баға елеусіз түрде (0,2%) артты.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы туралы» бөлімінде берілген.