2026 жылғы 22 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақ, оның мүше мемлекеттері және Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі күшіне енді.
Кедендік декларациялау кезінде Моңғолиядан немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен шыққан және Келісім шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты тарифтік преференцияны қолдануды көрсету үшін «ME» жаңа коды көзделген, ал EAM нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат жөніндегі мәліметтерді көрсету үшін «06022» коды белгіленген.
Тиісті шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2026 жылғы 21 шілдеде қабылдады.
Аталған шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енетініне назар аударамыз. Көрсетілген уақытқа дейін тауарларды кедендік декларациялау кезінде «ТИ» кодын (кедендік баждарды төлеу бойынша 1.1-кіші бөлімде аталмаған өзге де жеңілдіктер) және «06999» кодын (тауардың шығарылуына байланысты өзге де құжаттар) пайдалану керек.
Жаңа кодтарды енгізу сыртқы сауда операцияларын есепке алуды жеңілдетеді және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезінде қаржылық шығындарды азайтуға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері және Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісіміне Минск қаласында 2025 жылғы 27 маусымда қол қойылды.