Ветеринариялық дәрілік препараттардың алты тобы үшін тіркеу дерекнамасын келтіру рәсімін оңайлату жоспарлануда

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 13 наурызда ЕЭК Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында ветеринариялық дәрілік заттардың айналысын реттеу қағидаларына өзгерістер енгізу туралы" шешімінің жобасын мақұлдады.

Көрсетілген өзгерістер күшіне енген Қағидалардың талаптарына сәйкес ветеринариялық дәрілік препараттардың алты тобы үшін тіркеу дерекнамасын келтіру рәсімін оңайлатуды бағамдайды. Оған витаминдер, өнімсіз жануарларға арналған паразиттерге қарсы препараттар, өсімдіктен алынған препараттар, антисептикалық препараттар, сондай-ақ жануарлар организміндегі су-электролит балансын қалпына келтіруге арналған препараттар және құрамында әсер етуші заттар ретіндегі минералдары бар препараттар кірістірілген.

Егер бұрын осы топтардың ветеринариялық препараттарының тіркеу дерекнамасы аумағында осы препараттардың айналысы жоспарланып отырған Одаққа мүше мемлекеттің әрбір уәкілетті органының келісуі бойынша жаңа талаптарға сәйкес келтірілуге тиіс болса, енді өзгерістерден кейін келісу талап етілмейді.

Өзгерістерді іске асыру аталған ветеринариялық препараттарды өндірушілерге қаржылық жүктемені азайтуға, яғни осы ветеринариялық препараттардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Одақ елдерінің уәкілетті органдарының әкімшілік жүктемесі қысқарады.