Рельстік бекітпелерді өндіру талаптары Мемлекеттік сатып алу мақсаттарына арналған тауарлардың шығарылған елін растау қағидаларына енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша Мемлекеттік сатып алу мақсаттарына арналған тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына өзгерістер енгізді. «Темір жол машина жасау» саласының «Серпімді клеммалармен рельсті бекіту» тауарлық өнімі бойынша өндірістік талаптар мен технологиялық операциялар мақұлданды.

Қабылданған талаптарды орындау кезінде рельстік бекітпелер ЕАЭО-да шығарылған болып есептеледі және Одақ елдерінде мемлекеттік сатып алуға кедергісіз қатысуға жіберіледі.

Өндіру талаптары Қағидалармен айқындалған тауар шығарған ел мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік тауарларының Еуразиялық тізілімінен үзінді көшірме беру арқылы расталатынын естеріңізге сала кетейік.