Кедендік рәсімдер кезінде сәйкестік туралы декларацияны ұсыну қажет болатын жанғыш табиғи газ түрлерінің тізбесі бекітілді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы оларға қатысты кедендік декларация беру Одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесін бекітті.

Газды импорттаушы кедендік декларация берген кезде тізбеде көзделгендей, сәйкестік туралы декларация немесе осындай құжат туралы мәліметтер ұсынуға тиіс болады.

Анықтама

«Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді және:

- магистралдық газ құбырлары бойынша тасымалдауға дайындалған;

- өнеркәсіптік және коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы;

- сығылған, іштен жану қозғалтқыштары үшін отын ретінде пайдалану үшін дайындалған;

- арнаулы дайындықтан кейін сұйытылған және отын ретінде пайдаланылатын жанғыш табиғи газға қолданылады.

Техрегламентте газ құрамындағы күкірт сутек, оттек, көміртек диоксиді, күкірт сутек, меркаптанды және жалпы күкірт, механикалық қоспалар мен басқа да бірқатар көрсеткіш бойынша талаптар белгіленген