ЕАЭО-ның ғылыми-техникалық дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасы бекітілді
15.09.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі "Еуразиялық экономикалық одақтың ұзақ мерзімді кезеңге арналған ғылыми-техникалық дамуының стратегиялық бағдарламасы туралы" ұсынымды қабылдады.

Бағдарлама Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде әзірленді және бірлескен инновациялық жобаларды дамытуда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің күш-жігерін біріктіру есебінен бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу әлеуетін қалыптастыруға, сондай-ақ Одақ елдері экономикасының технологиялық деңгейін арттыруға бағытталған.

Бағдарламада өзара қызығушылық салалары, мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық даму саласындағы тәжірибе ауысу және өзара іс-қимыл тәртібі, бірлескен зерттеулер мен инновациялық жобаларды ұйымдастыру критерийлері айқындалған, сондай-ақ мүше мемлекеттер іске асыратын ынтымақтастықтың бағыттары мен басымдықтары ескерілген.