ЖЕЭК алаңдарында ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді.
Жоспар Комиссия
мен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері сарапшыларының екі жылға жуық жұмысының нәтижесі болды. Ол интеграцияны дамыту, Одақ елдерінің экономикалық даму деңгейлерін жақындастыру, экономикалық ынтымақтастық салаларын кеңейту, реттеушілік ортаны жетілдіру бойынша 2030 жылға дейінгі жүйелі шаралар кешенін қамтиды.
Жоспарда интеграциялық өзара іс-қимылдың техникалық реттеу, көлік, сауда, кеден саласы, тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау сияқты түйінді бағыттары мен салаларында цифрлық трансформацияның күн тәртібін іске асыру есебінен қазіргі заманғы, технологиялық дамыған және тұрақты бизнес-ортаны құру жөніндегі жағдайларды дамытуға ерекше назар аударылған.
Құжатқа Еуразиялық "бестік" мемлекеттерінің жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі іс-шаралар да кірді.
Жасанды интеллект немесе оны пайдалана отырып құрылған зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың ықтимал тәсілдемелері пысықталады, сондай-ақ ЖИ саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жеке жоспар дайындалатын болады.
ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін интеграция әлеуетін ашуға ерекше назар аударылды. Еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелері үшін жұмысқа орналасу мемлекетінде медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бөлігінде ынтымақтастықты дамыту, барлық "бестік" елінің аумағында халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне қолайлы тарифтерді белгілеуге орайлас тәсілдемелер әзірлеу жоспарлануда.
Құжатта ЕАЭО-ның халықаралық аренада экономикалық тартылыс полюсі ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағдарланған халықаралық қызмет шеңберіндегі міндеттерге де баса назар аударылған.
Жол картасына Декларацияның 62 бағытын іске асыруды көздейтін 340 іс-шара енгізілді. 130-ға жуық нормативтік-құқықтық акт қабылдау, ЕАЭО туралы шартқа және Одақтың Кеден кодексіне бірқатар өзгеріс енгізу, 100-ден астам талдамалы материалдар дайындау жоспарлануда.ЕАЭО шеңберінде экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы 2030 жылға дейінгі және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған "Еуразиялық экономикалық жол" декларациясына ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары 2023 жылғы 25 желтоқсанда қол қойды.