Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны түзету нысаны бекітілді
Электрондық сауданы кедендік әкімшілендіру саласындағы құқықтық базаны одан әрі қалыптастыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны түзету нысанын және оны толтыру тәртібін бекітті.

"Әзірленген нысан мен тәртіп бұрын мәлімделген мәліметтерге өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл практика жүзінде тауарлардың сипаты мен оларды өткізу ерекшеліктерін ескере отырып, өте сұранысты болуы мүмкін", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Сергей Шкляев.

Электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны түзету, декларацияның өзі сияқты, жеке тұлғалар тікелей электрондық сауда алаңдарында сатып алған тауарлар үшін де, Одақ аумағындағы қоймалардан жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар үшін де ЕАЭО Кеден кодексіне өзгерістер күшіне енген кезден бастап қолданылатын болады.

2023 жылғы 25 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте Одақтың Кеден кодексіне сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде өзгертулер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

ЕЭК Алқасының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 143 шешімімен электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.