Жаңалықтар

27.07.2022 (Обновлено: 09.08.2022 14:28)

Жеңіл өнеркәсіп өніміне арналған мемлекетаралық стандарттарды әзірлеудің жаңа бағдарламасы бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы «Жеңіл өнеркәсіп өнімінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентті іске асыру үшін қажетті мемлекетаралық стандарттарды әзірлеудің жаңа бағдарламасын бекітті. 

Бағдарламаның қолданыстағы редакциясын елдер толық көлемде орындады — 58 мемлекетаралық стандарт әзірленді және қайта қаралды. 

Жаңа редакция ведомстволық және ұлттық құжаттарды бірыңғай мемлекетаралық стандарттарға ауыстыру үшін, сондай-ақ ескірген мемлекетаралық стандарттарды өзектілендіру мақсатында 189 мемлекетаралық стандартты әзірлеуді және қайта қарауды көздейді.