Жаңалықтар

21.02.2022 (Обновлено: 05.03.2022 14:53)

2022 жылы ЕАЭО-ның цифрлық көлік дәліздері экожүйелерінің ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық «көрме-сөресі» құрылатын болады

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның цифрлық көлік дәліздері экожүйелерінің ұлттық сервистерінің ақпараттық-коммуникациялық «көрме-сөресін» құру мерзімін түзетті.

Бұрын жобаны жүзеге асыруға екі жыл берілсе, енді оны Еуразиялық экономикалық одақта үстіміздегі жылы іске асыру жоспарланып отыр.

Еске сала өтсек, цифрлық көлік дәліздері экожүйелерінің міндеті - іскер әріптестерге жеткізілімдердің бүкіл тізбегі бойынша логистикалық ақпарат алмасуға көмектесу, сондай-ақ елдің ішінде де, халықаралық деңгейде де уәкілетті органдармен заңи маңызы бар электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.

Ұлттық сервистердің «көрме-сөресін» құру бұл үшін қажетті цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.