2023 жылы ЕАЭО-ның барлық елінде жалақы өсті

Орташа айлық атаулы және нақтылы (тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге арналған тұтыну бағаларының индексіне түзетілген) жалақы 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекетінде өсті.

Орташа айлық нақтылы жалақының ең жоғары өсу қарқыны Армения (112,4%) мен Беларусьта (111%) тіркелді.

Орташа айлық атаулы жалақы мөлшері: Арменияда – 270 мың армян драмын (688 АҚШ доллары), Беларусьта – 1,9 мың белорус рублін (634 АҚШ доллары), Қазақстанда – 360,8 мың теңге (791 АҚШ доллары), Қырғызстанда – 33,3 мың сом (379 АҚШ доллары), Ресейде – 73,7 мың Ресей рублін (871 АҚШ доллары) құрады.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетінде «ЕАЭО-дағы жалақы туралы» бөлімде берілген.