ЕАЭО да ғылыми атақтар өзара танылатын болады

Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің үкімет басшылары ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойды.

2024 жылғы мамырда күшіне енген Ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісіммен бірге жаңа ұлттықтан жоғары шарт олардың иелеріне еңбек көші-қоны кезіндегі кәсіби қызметпен айналысуға мүмкіндік береді және ЕАЭО аясында бірыңғай еңбек нарығында жоғары білікті ғылыми кадрлардың ұтқырлығын арттыруға бағытталған.

Шолпан-Ата қаласында қол қойылған Келісім күшіне енгеннен кейін Одақ елдері азаматтарының аға ғылыми қызметкер, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтары туралы ұлттық құжаттар ЕАЭО-ның басқа елінде жұмысқа орналасу кезінде тікелей танылатын болады. Бұл ұзаққа созылатын әрі қымбат тұратын нострификация рәсімінен өту қажеттілігін жояды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов атап өткендей, Келісім Одақтың бірыңғай еңбек нарығын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие.

"Ғылыми атақтарды тікелей тану әкімшілік кедергілерді жойып, жоғары білікті ғылыми кадрларға ЕАЭО-ның кез келген мемлекетінде өз кәсіби әлеуетін жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер ашады. Бұл ғылыми-өндірістік кооперацияны нығайтуға, экономикаларымыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Одақтың ортақ ғылыми кеңістігін қалыптастыруға тікелей ықпал етеді", – деп атап өтті министр.

Ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім ЕАЭО-ның барлық мемлекеттерінде бекітілгеннен кейін күшіне енеді.