Жаңалықтар

03.02.2023 (Обновлено: 13.02.2023 09:50)

ЕАЭО-да Өнеркәсіптегі мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру туралы ереже өзгертілді

Еуразиялық үкіметаралық кеңес 3 ақпанда Өнеркәсіп саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру ережесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Аталған құжат Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде 2018 жылғы ақпаннан бастап, міне бес жылдан бері қолданылып келеді және бүгінгі таңда оның жекелеген нормаларын түзету қажеттігі пайда болды.


Құжатта қамтылған кейбір тармақтарды өзгертуді мемлекетаралық жобаларды бастамашылық жасау кезеңінде пысықтау сапасын арттыру, сондай-ақ оларды бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландыруды ынталандыру қажеттігі талап етті. Бұл жұмысты Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп жүргізді. Нормативтік құқықтық актілердің тиісті жобалары 2022 жылы Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитеттің, Комиссия Алқасы мен Комиссия Кеңесінің қарауына енгізілді, барлық өзгеріс мақұлданды.

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян Мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар туралы ереженің нормаларын уақытылы әрі дәйекті жетілдіру Комиссияға оларды құзыретті органдармен, сондай-ақ Одақтың бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен бірлесіп, бұдан да тез, сапалы әрі тиімді іске асыруға көмектеседі деп сенім білдірді.