Жаңалықтар

29.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 16:29)

ЕАЭО-да ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларына арналған техникалық регламент жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Кеден одағының «Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер енгізді. «Трактор поезы», «экологиялық сынып» «қос отынды қозғалтқыш» жаңа терминдері енгізілді, регламентті қолдану саласы нақтыланды, техрегламентте бар БҰҰ-ның сілтемелік стандарттары мен Қағидаларына өзектілендіру жүргізілді, оны қолдану практикасының нәтижелері бойынша қажетті техникалық түзетулер енгізілді. Өзгерістер сондай-ақ техрегламенттің өнеркәсіп салаларындағы төмен эмиссиялы технологияларын дамыту жөніндегі климаттық күн тәртібі бөлігінде бірқатар өзекті ережелерін сөз етеді. Айталық, мысалы, көгілдір отынды - сығылған табиғи газды, сұйытылған мұнай газын пайдаланатын тракторлар мен олардың жабдықтарына қойылатын талаптар нақтыланған, экологиялық талаптар жаңартылған, 2 экологиялық және одан төмен сыныпты қолдану мерзіміне шектеулер белгіленген.
«Сертификаттау жұмыстарын жүргізу кезінде 1958 жылғы Женева келісіміне сәйкес БҰҰ қағидалары бойынша ресми типті бекіту туралы хабарламаларды қолдану мүмкіндігі маңызды жаңалық болып табылады, бұл өнімді сертификаттау рәсімін жеңілдетеді және уақыт пен қаржылық жүктемені азайтады»,- деп атап өтті ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.

Техрегламентке өзгерістерді ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ өндірушілерімен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып Беларусь Республикасының Стандарттау жөніндегі мемлекеттік комитеті әзірледі.

Құжат Кеңес шешімі ЕЭК сайтында ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.


Анықтама:

Женева келісімі - бұл доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтар мен бөлшектерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының келісілген техникалық қағидаларын қабылдау туралы және Біріккен Ұлттар Ұйымының осы қағидалары негізінде берілген ресми бекітімдерді өзара тану шарттары туралы келісім.