Жаңалықтар

26.12.2022

ЕАЭО-да өзара салыстырмалы бағалау жүргізу мерзімі айқындалды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Аккредиттеу жөніндегі органдары басшылары кеңесінің Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко қатысқан отырысында аккредиттеу саласындағы өзекті мәселелер, өзара салыстырмалы бағалауларды жоспарлау және оларды өткізу нысандарын келісу қаралды. 

Басшылар кеңесінің және олар құрған жұмыс топтарының жұмыс қорытындылары шығарылды. Аккредиттеу жөніндегі органдардың мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарымен өзара іс-қимылы жөніндегі жұмысты жандандыру қажеттігі атап өтілді.

"Аккредиттеу жөніндегі органдардың мемлекеттік бақылау органдарымен өзара іс-қимылы Одақ нарығында қауіпсіз өнім айналысын және адал ұйымдардың жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі түйінді механизмдердің бірі болып табылады",- деп атап өтті Виктор Назаренко.

Басшылар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өзара салыстырмалы бағалаулар мерзімі келісілді және оларды өткізу үшін қажетті құжаттардың нысаны бекітілді, 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қалыптастырылды. Одақ деңгейінде аккредиттеу жөніндегі органдар мен мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылының проблемалық мәселелерін пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ Федералдық аккредиттеу жөніндегі қызметтің басшысы Назарий Скрыпникті 2023 жылы Басшылар кеңесінің төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылданды.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі органдары басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2018 жылғы 14 мамырдағы №5 шешімімен 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты іске асыру шеңберінде техникалық реттеу саласында аккредиттеуді дамыту мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың көмекші органы ретінде құрылды.