ЕАЭО-да 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсудің жеделдеуі күтілуде

2022 жылдың екінші жарты жылдығында Еуразиялық экономикалық одақтың экономикасы қалпына келе бастады, ал 2023 жылы ЕАЭО мемлекеттерінде экономикалық белсенділіктің өсу қарқыны артады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында жарияланған ЕАЭО мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары және макроэкономикалық саясат саласындағы 2022 жылғы шаралар туралы баяндамада айтылған.

Құжат бұдан бұрын ЕЭК Алқасының отырысында қаралды. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев атап өткендей, ЕАЭО-да экономикалық өсу жеделдеді.

"Болжам барынша иланымды. Экономикалық өсуді қарқынды етудің алғышарттары инвестициялық белсенділіктің оң серпінін сақтау, халықтың табысы мен жалақысын артыру, экономиканы кредиттеудің өсуі, еңбек нарығындағы қолайлы жағдаят болып табылады. Бұл факторлар 2023 жылы ішкі сұраныстың артуына ықпал ететін болады", - деді Сергей Глазьев.

Ол өсу әлеуеті бұдан да жоғары екенін, мұны іске асыру үшін капиталдың кетуін тоқтату және инвестицияларды несиелендіруді кеңейту қажет деп атап көрсетті.

Мүше мемлекеттердің Экономика министрліктерінің болжамдарына сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-ның жиынтық ЖІӨ-нің өсу қарқыны 3%-ға жетті.

Баяндамада ЕАЭО-ның ішінде де, сол сияқты үшінші елдермен де сауда және қаржы байланыстарының өзгеруі туралы ақпарат берілген.