Жаңалықтар

14.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 17:38)

ЕАЭО-да өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландырудың жаңа механизмдері әзірленеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 14 қыркүйектегі отырысында осындай тапсырма қабылдады.Өнеркәсіптік кооперацияны қаржыландырудың жаңа механизмдері бойынша ұсыныстар дайындау Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қаржы саясаты саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдарын, сондай-ақ Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Одақтың бизнес-қоғамдастығын тарта отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық даму банкінің арнаулы жұмыс тобының кеңейтілген құрамы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

«Бүгінгі таңда кооперациялық жобаларды қаржыландыру үшін жеңілдікті жағдайлар ұсыну мәселесін шешу ЕАЭО-дағы бірінші кезектегі міндет болып табылады.Бизнес алдында нақ осы мәселе тұр, оны шешу үшін біз барлық күш-жігерді жұмсауға тиіспіз»,- деп ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша атап өтті.

ЕАДБ кеңесі банктің 2022–2026 жылдарға арналған жаңа стратегиясын бекітті, онда кооперациялық жобаларды қолдаудың кейбір жаңа тәсілдемелері мен құралдары қатталған. Оларды дамыту үшін банк гранттық қорландыру және капиталға инвестициялау құралдарын бұдан да белсенді іске қосуды, сондай-ақ қарыз ресурстарының құнын азайтуды, «аралас» қаржыландыру механизмдерін пайдалануды және нысаналы қорлармен әрі мемлекеттік-жекеше әріптестік моделі бойынша белсенді жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты қолдаудың жаңа тиімді механизмдері, бірінші кезекте ЕАЭО-дағы интеграциялық жобаларды жеңілдікті қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пысықталатын болады.