Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 13 наурызда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Комиссия қабылдаған шешімдердің кәсіпкерлікке нақтылы әсерін бағалауды (НӘБ) — жаңа рәсімді ендіру мәселелерін реттеді. Бұдан басқа, енді бизнеске реттеушілік әсерді бағалау (РӘБ) бұрынғыдай ЕЭК Алқасы шешімдерінің жобаларына ғана емес, ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттардың жобаларына да қатысты өткізілетін болады.
"Бұл шешімнің қабылдануы Одақта бизнесті жүргізу жағдайларын ұлтүсті реттеудің әсерін бағалау рәсімдерін Комиссия жұмысының практикасына енгізу үшін қажетті нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруды аяқтауға мүмкіндік берді. НӘБ-ті іске қосу және халықаралық шарттар жобаларына РӘБ-ті кеңейту Одақтағы реттеудің бүкіл өмірлік циклін бағалаумен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, рәсімдерді жүргізу нормативтік құқықтық актіні қабылдау мақсаттары мен оның өзіне әкелген әсері арасындағы өзара байланысты анықтауға мүмкіндік береді", — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов.
Бақыт Сұлтановтың сөзінше, осы рәсімдерді ендіру "бестік" мемлекеттерінің бизнес-қоғамдастығы өкілдерінің ЕАЭО-да реттеуді қалыптастыру және жетілдіру процестеріне тартылуын арттырады.
Анықтама
ЕЭК қабылдаған шешімдердің НӘБ және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларының РӘБ рәсімдерін жүргізу қажеттігі 2022 жылғы 31 наурызда қол қойылған және 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап күшіне енген ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы "II Үлкен" Хаттамада көзделген.
ЕЭК қабылдаған шешімдердің НӘБ және ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық шарттар жобаларының РӘБ рәсімдерін жүргізу тәртібі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген, сондай-ақ 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап күшіне енген ЕЭК-тің Жұмыс регламентіне өзгертулерде белгіленген.