Жаңалықтар

07.09.2022 (Обновлено: 15.09.2022 10:24)

ЕАЭО-да COVID-19-ға қарсы жүргізілген вакциналау туралы құжаттарды өзара тану механизмдері қалыптастырылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы азаматтардың Еуразиялық экономикалық одақ аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұруына арналған ұсыным қабылдады. Ұсыным бүгінгі таңда ЕАЭО елдерінде пайдаланылатын COVID-19-ға қарсы жүргізілген вакциналау туралы құжаттарды өзара танудың барлық ықтимал механизмдерін кірістіреді.

Өзара тану үшін мемлекеттерде бекітілген COVID-19-ға қарсы вакцина алуды растайтын қағаз жеткізгіштегі немесе ұлттық ақпараттық жүйелерді, соның ішінде мобильдік қосымшаларды пайдаланатын электрондық түрдегі құжаттарды пайдалану көзделген.

COVID-19 ауруы бойынша жағдаяттың тұрақсыздығын, шекаралардан өту кезінде бұрын күші жойылған шектеулердің қайта басталуы мүмкін екенін ескере келгенде, құжаттың қабылдануы айрықша өзекті.