ЕАЭО-да сыртқы электрондық сауданы реттеу жетілдірілуде

ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасарыТатьяна Дубровская Халықаралық кеден форумы – 2023 шеңберіндегі дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде енгізілетін өзгерістер туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның осы саладағы жоспарлары туралы айтып берді.

Оның сөзінше, кеден органдары трансшекаралық электрондық сауданы әкімшілендірудің сауданы дамытуға ықпал ететін және сонымен бір мезгілде біздің елдеріміздің халқы мен экономикасының қауіпсіздігін әрі қорғалуын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тәсілдемелерге мұқтаж.

"Жаңа реттеу кедендік ресімдеумен айналыспайтын және қосымша іс-әрекеттер жасамай-ақ өз сәлемдемесін уақытында алатын түпкілікті тұтынушы үшін қызметті кәсібилендіруді және ыңғайлылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сүйемелдеу жөніндегі барлық функцияны, соның ішінде кеден органдары алдындағы жауапкершілікті жеткізілім тізбегінің жаңа қатысушысы – электрондық сауда операторы өзіне алады. Біз олардың, кеден мен сатып алушының арасындағы шеңберді айқындадық", – деп атап өтті Татьяна Дубровская.


Анықтама

Халықаралық кеден форумы – мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ ресейлік және шетелдік іскер топтардың өкілдерін тәжірибе алмасу және сыртқы сауда саласын дамыту туралы диалог үшін жинайтын жыл сайынғы іс-шара.

Халықаралық кеден форумының түйінді миссиясы – сыртқы экономикалық қызметті дамыту мақсатында тәжірибе алмасу, мемлекет пен іскер қоғамдастықтың өзара іс-қимылы үшін тиімді платформа құру.