Жаңалықтар

18.01.2022 (Обновлено: 01.02.2022 17:34)

ЕАЭО-да барлық «өнім жеткізілімдерінің тізбегіне» қатысушылардың жауаптылығын белгілеу жөніндегі тәсілдемелер біріздендірілді

18 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы өнімге қойылатын міндетті талаптарды бұзушылық үшін жауаптылықты белгілеу жөнінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үйлес (салғастырмалы) заңнамасын белгілеудің ортақ қағидаттары мен тәсілдемелерін айқындау бойынша ұсыным қабылдады.


Құжат барлық «өнім жеткізілімдерінің тізбегіне» қатысушылардың жауаптылығын белгілеуге қатысты біріздендірілген тәсілдемелердің жоқ болуына, мұның нарықты қауіпті өнімнен тиісті қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермегеніне байланысты туындаған құқықтық олқылықты жоюға бағытталған.

Одақ елдеріне өнімнің әзірлеушіден түпкілікті сатып алушыға: әзірлеушілерге, олар уәкілеттік берген тұлғаларға, импорттаушыларға, сатушыларға, сәйкестікті бағалау органдарына ауысу тізбегіне барлық қатысушылар үшін әкімшілік жауаптылық белгілеуге бағытталған шаралар қабылдау ұсынылады.

Әкімшілік шаралар Одақ техрегламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім өндірісі кезінде; сәйкес келмейтін өнімді, соның ішінде сәйкестік туралы құжатсыз және қолданыс мерзімі өткен құжатпен айналысқа шығарған; таңбалауға қойылатын талаптарды бұзған; қадағалау органдарының ұйғарымдамасын орындамаған және басқа кезде көзделген.

Қабылданған құжат – ұлттық заңнамаға бірыңғай нарыққа шығарылатын өнімнің қауіпсіздігі үшін өндірушілер (олардың уәкілетті тұлғалары, импорттаушылар) тарапынан ғана емес, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар тарапынан – нәтижелердің сенімділігі мен жүргізілген рәсімдердің жеткіліктілігі үшін жауапкершілікті белгілеу нормаларын имплементациялаудың алғашқы қадамы. Бұл нарықта қауіпті өнімнің пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді және «сертификаттар мен декларациялардың сұрқай нарығына» қарсы әрекет етеді.