Жаңалықтар

17.05.2022 (Обновлено: 26.05.2022 09:50)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы тасымалдауға және пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы техрегламентке орайлас мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаны бекітті.

Бағдарлама 2024 жылға дейін 17 мемлекетаралық стандарт дайындауды көздейді. Жауапты әзірлеушілер болып Қазақстан Республикасы (1 МемСТ) мен Ресей Федерациясы (16 МемСТ) айқындалған.Бағдарламаға кірістірілген стандарттарды әзірлеу ұғымдық аппаратты және өлшемдердің өзекті әдістемелерін пайдалану бөлігінде Одақ мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі құжаттарының ережелерін үндестіру және жаңарту қажеттігіне негізделген. Зерттеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың бір бөлігі стандарттау жөніндегі ұлттық құжаттар болып табылады. Олар тасымалдауға және пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы техрегламент қабылданғанға дейін бекітілген. Сондықтан оларды техникалық регламентке сәйкестендіру және МемСТ ретінде қабылдау үшін қайта қарау қажет.