Жаңалықтар

13.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 14:55)

ЕАЭО-да 2021 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысының 26% өскендігі тіркелді

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде 2021 жылғы қаңтар-тамызда жалпы алаңы 64,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-тамыздан 13,3 млн шаршы метр немесе 26,1% артық.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің талдамалы шолуында айтылған.

Тұрғын үй құрылысының өскені ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде байқалды. Мейлінше көп өсім Қырғызстанда тіркелді - 40,5%.

ЕАЭО-да орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,6% өсті, Армения рекордтық 19,1% және Қазақстан мен Қырғызстан 11,4%-дан, сондай-ақ Ресей 7% өсім көрсетті.