Жаңалықтар

28.11.2022

ЕАЭО-да үшінші елдермен саудадағы шектеу шаралары бойынша интерактивті портал іске қосылды

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда блогы ақпараттық порталды іске қосты, онда ЕАЭО елдеріне және тұтастай Одаққа қатысты үшінші тараптардың шектеу шараларының тізілімі орналасқан. Ақпаратты мына сілтеме бойынша табуға болады: https://trade.eaeunion.org/. Тізілім интерактивті ресурс түрінде ұсынылған, одан сыртқы экономикалық қызметке қатысушы пайдалы мәліметтер таба алады, сондай-ақ сайтта тиісті нысанды толтыра отырып, сыртқы нарықтарға қолжеткізушілікке байланысты проблемалар туралы хабарлауына болады.

2022 жыл ішінде мына елдер қолданған барлығы 214 шара анықталды: Қытай (27), Украина (26), АҚШ (26), Еуропа одағы (25), Түркия (14), Индонезия (13), Бразилия (11), Алжир (7), Марокко (6), Вьетнам (6), Мысыр (6), Үндістан (6), Ұлыбритания (5), Жапония (5), сондай-ақ Австралия, Израиль, Иран, Канада, Корея Республикасы, Малайзия, Мадагаскар, Мексика, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкстан, Перу, Сингапур, Таиланд, Тунис, Өзбекстан. 

Қолданылған шектеулер арасынан демпингке қарсы шараларды (64), саудадағы техникалық тосқауылдарды (36), арнайы қорғау шараларын (32), санитариялық және фитосанитариялық шараларды (31), сандық импорттық шектеулерді (6) және басқаларды атап өтуге болады.