ЕАЭО-да «Азаматтық авиация құрылысы» атты жаңа технологиялық платформа іске қосылды
ЕАЭО-да «Азаматтық авиация құрылысы» атты жаңа технологиялық платформа іске қосылды. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы өкіміне енгізілетін тиісті толықтыруларды бекітті.

«Өнеркәсіпті дамыту құзыреттері орталығы» (Ресей Федерациясы) Автономды коммерциялық емес ұйымы авиациялық құрылыс бойынша ЕТП мекемесінің ресми бастамашысы болды. №558 Авиажөндеу зауыты (Беларусь Республикасы) мен «Қазақстан авиациялық индустриясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Қазақстан Республикасы) авиациялық құрылыс жөніндегі ЕТП-ның тең құрылтайшысы болды.

«Бұл, шын мәнінде, өнеркәсіптегі кооперация тұрғысынан да, инновациялар, ғылым мен білім, түпкілікті өнімді қаржыландыру және ілгерілету механизмдері, сондай-ақ заң шығару бастамалары жағынан да авиақұрылыстың кез келген өзекті мәселесін шешу бойынша шоғырландырылған салалық бастамалар мен ұсыныстар әзірлеуге құзыретті еуразиялық ресми келіссөздер алаңын қалыптастыруға негіз болатын маңызды іс-шара. Сонымен қатар, бұл одақ кеңістігіндегі инновациялық қызметті үйлестірудің дәлелденген және үздік тетігі, яғни ЕАЭО-дағы кооперацияның қозғаушы күші, - деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян».

Артак Камалянның айтуы бойынша жаңа технологиялық платофрманың мақсаты – жоғары технологиялық ұлттық авиация өнеркәсібінің өзара тиімді инновациялық кешенін ынталандыру, коммерциялық технологияларды құру, инновациялық және бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорындарын дамыту үшін Одақ мемлекеттерінің әлеуеттерін біріктіру негізінде барлық мүдделі тараптардың (бизнес, ғылым, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар) тиімді өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету. 

Анықтама

ЕТП құру жөніндегі құрылтай келісіміне 2022 жылғы 4 шілдеде мүше мемлекеттердің өнеркәсіп министрлері мен Ульяновск облысының губернаторы А. Русскихтің қатысуымен Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңестің IV отырысы аясында қол қойылды.

«Азаматтық авиация құрылысы» ЕТП құру ЕАЭО елдерінде Азаматтық авиация саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жол картасында көзделген.

Еуразиялық технологиялық платформалар Еуразиялық экономикалық комиссияны үйлестіру және құзыретті мемлекеттік органдардың, даму институттарының және басқа да мүдделі субъектілердің қатысуы кезінде ғылыми ұйымдардың (ҒЗИ, ЖОО), өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қауымдастықтардың күш-жігерін шоғырландыратын салалық консультативтік органдардың рөлін атқарады. Бұл ретте ЕТП-ның салалық міндеттерді шешу аясында еуразиялық интеграциялық құраушы призма арқылы ғылымнан, мамандарды даярлаудан, ғылыми әзірлемелер мен инновациялардан бастап саланың ағымдағы өзекті мәселелеріне дейін кез келген сипаттағы бастамаларды пысықтау бойынша кең өкілеттіктері бар.