Жаңалықтар

29.04.2025

ЕЭК-те ЕАЭО шеңберіндегі асыл тұқымды мал шаруашылығындағы мемлекетаралық өзара іс-қимылдың механизмдері талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаменті "AGROBRICS+" Астық – Құрама жем – Ветеринария" MVC халықаралық көрмесі шеңберінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында Еуразиялық құзыреттілік орталықтарын қалыптастыру" атты дөңгелек үстел өткізді.

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік басқару органдарының, бизнес-одақтарының, ғылыми мекемелерінің өкілдері ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау технологиясын, соның ішінде геномдық талдау негізінде пайдалануды кеңейту бойынша мемлекетаралық өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары мен механизмдерін талқылады.

Спикерлер ұсынған және пікірсайысқа қатысушылар қолдаған Еуразиялық геномдық селекция жүйесінің тұжырымдамалары мен модельдері, сондай-ақ бірлескен селекциялық-генетикалық зерттеулер жүргізуге және тәжірибе алмасуға орайлас тәсілдемелер асыл тұқымды мал шаруашылығындағы құзыреттіліктің Еуразиялық орталықтары базасында селекциялық-асылдандыру жұмысын үйлестіру және талдамалық қамтамасыз ету шеңберінде іске асырылуы мүмкін.

"Дөңгелек үстел жұмысының қорытындылары геномдық селекцияны және жоғары тиімді репродуктивті технологияларды кеңінен ендіру негізінде Одақ мемлекеттерінің мал шаруашылығын орнықты дамыту үшін мемлекетаралық өзара іс-қимылдың келісілген механизмдерін Комиссия алаңында одан әрі қарау мен әзірлеудің нысанасына айналады", — деп түйіндеді ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян.