ЕЭК-те уәкілетті операторлар үшін жаңа кедендік оңайлатулар талқыланды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің және Еуразиялық экономикалық комиссияның сарапшылары ЕЭК Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимовтың басшылығымен бейінді жұмыс тобының отырысында уәкілетті экономикалық операторлар үшін жаңа оңайлатуларды талқылады.


Беларусьтің бизнес қауымдастығы тауарларға декларация (ТД) тапсырғанға дейін тауарларды шығару мүмкіндіктерін кеңейтуді ұсынды. Бастама бажсыз сауда мен уақытша әкелудің кедендік рәсімдері кезінде осы оңайлатуды қолдануды, сондай-ақ ТД беру мерзімін ұлғайтуды көздейді. Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл шаралар олардың шығындарын азайтады.

Отырысқа қатысушыларға Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 114 және 2024 жылғы 18 қазандағы № 86 шешімдеріне өзгерістер жобаларының қорытынды редакциялары ұсынылды. Жақын арада оларды Комиссия Алқасының қарауына шығару жоспарлануда. Жобалар кеден органының рұқсатынсыз УЭО алаңдарындағы тауарлармен жасалуы мүмкін операциялардың тізбесін кеңейтуді көздейді. Бұл арада сөз уақытша сақтаудағы тауарлар мен кеден қоймасының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарлар туралы болып отыр. Өзгерістер логистиканы оңтайландыруға және бизнес шығындарын азайтуға көмектеседі деп күтілуде.

Сонымен қатар, сарапшылар УЭО тауарларын есепке алу жүйесіне қойылатын типтік талаптардың дайындық дәрежесі жоғары екендігі туралы хабардар етті. Құжат ұлттық талаптарды үндестіруге және операторлар әкелген тауарлардың қадағаланып отыруын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол сондай-ақ тауарлар шығарылғаннан кейін бақылауды автоматтандыру мен оңтайландыру, әкімшілік жүктемені азайту және кедендік операцияларды жүргізу кезінде есепке алу деректерін пайдалану мүмкіндігін жасайды.

Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық деңгейде танылған стандарты.

УЭО — белгіленген талаптарға сәйкес келетін және кедендік операциялар мен кедендік бақылауды жүргізу кезінде оңайлатуларды пайдаланатын заңды тұлғалардың айрықша санаты.

ЕАЭО елдерінде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды. Ол Одақта оны жетілдіру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді. 

Скачать исходники фотографий