Жаңалықтар

29.04.2025

ЕЭК-те ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық экономиканы дамыту проблемалары мен бірлескен іс-қимыл талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде агроөнеркәсіптік кешендегі цифрлық экономиканы дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел болып өтті.

ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде цифрлық экожүйенің қалыптасуы туралы айтып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, асыл тұқымды малдың сорттары және селекциялық жетістіктер бойынша деректер алмасу мәселелеріне, сондай-ақ агроиндустрияның интерактивті картасына тоқталды.

"2026 жылғы 1 маусымнан бастап Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойма куәліктерін шығару (беру), айналысқа жіберу және өтеу қағидалары туралы келісімді іс жүзінде іске асыру басталады, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамытуға жаңа серпім береді", – деп Наира Карапетян дөңгелек үстелге қатысушыларды хабардар етті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар дәлме- дәл егін шаруашылығы технологияларын, фермаларды автоматтандыруды және т.б. қоса, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы цифрлық шешімдерді ендіру тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенін цифрлық трансформациялаудың маңыздылығын және экономиканың осы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында тиімді экожүйені құру үшін мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігері қажет екенін растады.

Дөңгелек үстелге ЕАЭО елдерінің Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, бизнесінің өкілдері, халықаралық сарапшылар қатысты.